Елді таңдау
USA
rus
kz
kg
Panama
Выбрать язык
Русский
Казахский

Казахстан +7(727)344-12-47


Маған қайтадан телефон шалыңыз
Қазақстан Республикасы
  • Өнім
    1. Quickpay төлем жүйесі өз дилерлеріне жеке өндірістен шыққан төлем терминалдарының кең модельді қатарын ұсынады.

      Біздің модельді қатарымызда еден үсті терминалдар, қабырғалы терминалдар, сондай-ақ, көшеде орнатылатын терминалдар бар. Quickpay төлем жүйесі өз дилерлеріне төлемдерді қабылдауға арналған сенімді программалық қамсыздандыру ұсынады.

    2. Quickpay программалық қамсыздандыру 7 жылдан астам уақыт бойын жұмыс істеп келеді, бұл уақыт аралығында бірде бір төлем жоғалған емес. Quickpay программалық қамсыздандыруды таңдаған кезде сіз Windows сатып алмайсыз немесе заңсыз түрдегі операциялық жүйені орнатпайсыз. Біз Linux атты еркін, заңды операциялық жүйесін қолданамыз.
    3. Quickpay төлем жүйесі өз дилерлеріне несиеге жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

      Овердрафт кепілдікке (кепілдікке терминалды да қоюға болады) 1-2 күндік айналым сомасына беріледі. Нақтырақ ақпаратты менеджеріңізден сұраңыз. Quickpay төлем жүйесі дилерлердің терминалдарының жұмысын бақылайды

      Төлем терминалы үнемі жұмыс істеп, пайда алып келуі керек. Ақауларды жедел жөндеу шығындардың қаупін азайтады.

    4. Quickpay программалық қамсыздандыру мониторинг қызметіне әр терминалдың жұмыс істеуін бақылауға мүмкіндік береді. Ақаулар орын алғанда (байланыс, бүктелген купюра және т.б.) оператор Сізге немесе телефон жөніндегі технигіңізге хабарлайды. Осылайша Сіз өз уақытыңызды үнемдейсіз және оның үстіне оданда көп ақша табасыз. Егер Сізге ешкім телефон соқпаса, барлығы дұрыс және Сіздің терминалдарыңыз ақша тауып жатыр деген сөз!

      Оның үстіне Quickpay-дің техникалық қолдау көрсету қызметі терминалдардың жұмысын бақылап, Сіздің қатысуынсыз программалық қамсыздандыруды жаңартады. Quickpay төлем жүйесі төлеушілерге көмектеседі

      Төлем жасаушылардың наразылықтарымен жұмыс істеу уақыт пен шыдамдылықты қажет етеді.

    5. «Quickpay» төлем жүйесі Сізді және қызметкерлеріңізді клиенттерден қоңырауларды қабылдау қажеттілігінен айырады.

      Тегін байланыс телефоны бойынша Call-орталығының қызметкерлері терминалдарыңызды пайдаланушылардың проблемаларын шешеді. Сіз кеңсеңізге артық шалынған қоңыраулардан және клиенттерді қолдау көрсетудің жеке қызметін ұстап отыру қажеттілігінен айрыласыз. Call-орталығының барлық қызметтері дилерлер мен төлем жасаушылар үшін тегін. Сall-орталығының операторлары төлем жасаушыларға әр нақты жағдайда не істеу керек екендігін түсіндіреді.

      Сонымен бірге төлем жасаушылардың ыңғайлылығы үшін «Қайтару картасы» қызметі жүзеге асырылады. Қайтару – бұл төлем жасаушының ақшасын жүйеде сақтап қалу және оны кейіннен пайдалану мүмкіндігі. Төлем жасаушы қызметке төленетін сома терминалға енгізілген сомадан аз болса немесе төлем жасау барысында қандай да бір ақау орын алса, мысалы, төлем жасаушы терминалға енгізілген сомада «Кері қарай» түймесін басса, ол бас менюге оралады және қайтарым картасын алады. Қайтару картасында белгілі бір ақша бекітілген бірегей код бар.

    6. Quickpay төлем жүйесі төлем жасаушыларға ләззат береді.

      Адамдарға Quickpay-дің графикалық интерфейсін пайдаланған ұнайды; статистика көрсеткендей Quickpay жүйесіне өткен кезде терминалдардың желісіндегі айналым 6 ай ішінде 20%-ға өседі.

    7. Quickpay төлем жүйесі бизнес процестерді ұйымдастырады

      Сіздің сауалыңыз бойынша сізге кассирдің, техниктің жұмысын бақылайтын, кіріс пен шығыстың басқару есебін, жеке құрамды ынталандыру жүйесін қамтыған бизнес процестерді басқару модулі ұсынылуы мүмкін. Мұның бәрі арнайы программалық модульде берілген.





    Менеджерге сұрақ қою
    Сіздің атыңыз*
    Электрондық пошта*
    Мемлекет немесе Республика аймағы*
    Қала (кент, ауыл, село ж т.б.)*
    Телефон (қала кодымен )*
    Ұйымның атауы*
    Біздің компаня тұралы білген орныңыз*
    Сіздің хабарламаларыңыз*
    Суреттегі белгіні кіргізіңіз*
     
    Міндетті толтыруға арналған жолдар