Ағымдағы шығындар (айына)
-
GPRS байланысына жұмсалатын шығындар – бір айда 1 терминалға 1500 теңге.
-
Чек ленталары. Әр орында лентаның шығыны бір айдағы төлемдердің мөлшеріне байланысты. Орташа есеппен бір айда 1 орам 1500 теңге.
-
Сауда алаңын жалға беру. Жалға берудің орташа құны бір айға 15000 тг құрайды. Оның үстіне жалға беру мөлшерлемелердің диапазоны 2000 теңгеден бастап 100 000 теңгеге дейінгі аралықта өзгеріп отырады.
-
Қолма-қол ақшаны банкке өткізу. Банктердің жай мөлшерлемесі соманың 0,2%-ын құрайды. Quickpay жүйесімен жұмыстеген кезде және ҚазКомБанкінде е/ш ашқанда мөлшерлеме 0,1% деңгейінде орнатылады.
-
Техниктің (терминалдардың инкассация операциясын және оған қызмет көрсететін қызметкердің, 5 терминалдан жоғары желіс болған кезде жұмысшы жалдауға болады) жалақысы – 30000 – 60000 теңге.
-
Жалданып жасалған инкассация – қалаңызда осы қызметті көрсететін компаниялардан нақтылап сұраңыз.
-
Салықтар – табысыңыздың 3%.